Жаңалықтар

Шетелдегі студенттердің шәкіртақысы сақталады

ашық дереккөзі

Шетелдегі студенттердің шәкіртақысы сақталады

«Отандастар қорының» ұйымдастыруымен М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде білім алып жатқан қандас студенттермен онлайн форматта кездесу өтті. Онда көршілес Өзбекстан елінен келіп, білім алып жатқан қандастарымыздың басым бөлігі М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде білім алады. Осы орайда негізгі екі мәселе талқыланды. Біріншіден, Өзбекстандағы интернет жылдамдығының нашар болуына байланысты көптеген студент сабаққа қатыса алмай отыр. Екіншісі мәселе – құжаттарын онлайн тапсырып, оқуға түскен шетелдік студенттердің шәкіртақысын алу мәселесі. Бұл қазір еліміздегі басқа университеттерге де қатысты жайт. Аталған жиын барысында онлайн сабаққа қатыса алмаған студенттерге университет тарапы басқа да мүмкіндікті пайдалана отырып, әлеуметтік желілер арқылы тапсырмаларды жіберіп, жағдайды реттейтінін айтты. Сонымен қатар, студенттердің өзі шекара асып келмейінше, оларға банктен есепшот ашу мүмкін емес. Сондықтан студенттердің шәкіртақысы оқу орындарында толық сақталады. Кейін Қазақстанға келген кезде есепшот ашып, жиналған шәкіртақысын толық ала алатыны белгілі болды.