Шындықтың шабандозы
Шындықтың шабандозы
(Қабылқақ Күлмесханұлы туралы толғау)
Жер әлем қаншалықты кең болса, қазақ халқына тиесілі тағдырлы әдебиеттің ауқымы соншалықты өрісті секілді. Сонау Моңғолияның Қобда аймағынан Қытайға өтіп, ақыр түбі атажұрт – Алматыға келіп мәңгілік дамыл тапқан ақын-жазушы Қабылқақ Күлмесханұлының шымшытырық ғұмырнамасы – ақын Жәркен Бөдештің «мен ақын емеспін, тағдырым ақын» деген сөзін еріксіз еске түсіреді. Қабылқақ Күлмесханұлының есімі әуелі атақты Елісхан батыр мекен еткен, Қытайдағы үш аймаққа кірмейтін Ақсай қазақтарына етене таныс. Ақсай қазақтары дегенде ең бірінші еске оралатын есім – Қабылқақ Күлмесханұлы.