Жаңалықтар

Шетелдегі студенттердің де шәкіртақысы сақталады

ашық дереккөзі

Шетелдегі студенттердің де шәкіртақысы сақталады

«Отандастар қорының» ұйым­дастыруымен М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде білім алып жатқан қандас студенттер- мен он­лайн форматта кездесу  өтті. Онда көршілес Өзбекстан елі­нен келіп, білім алып жатқан қан­дастарымыздың басым бөлігі М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақ­стан университетінде білім алады. Осы орайда негізгі екі мәселе тал­қыланды. Біріншісі, Өзбекстандағы интернет жылдамдығының нашар болуынан көп студент сабаққа қа­тыса алмай отыр. Екіншісі, құжаттарын онлайн тапсырып, оқуға түскен шетелдік сту­дент­тердің шәкіртақысын алу мәселесі.  Бұл қазір еліміздегі басқа университеттерге де қатысты түйткіл. Аталған жиын барысында он­лайн сабаққа қосыла алмаған жағдайда университет тарапы бар­лық мүм­кін­дікті пайдалана отырып, әлеу­мет­тік желілер арқылы тапсырмаларды жіберіп, жағдайды реттейті­нін айтты. Үшінші мәселе – сту­дент­тердің өзі шекара асып келмейінше, оларға банктен есепшот ашу мүмкін емес. Сондық­тан сту­дент­тердің шәкіртақылары толық сақталып, Қазақстанға орал­ған кез­де есепшот ашып, шә­кірта­қы­сын толық көлемде ала алатыны белгілі болды.