Қандасымызға операция жасаған дәрігер неге «қашып» кеткен?

Қандасымызға операция жасаған дәрігер неге «қашып» кеткен?

Қандасымызға операция жасаған дәрігер неге «қашып» кеткен?
ашық дереккөзі
Бас ауырып, балтыр сыздаса жалғыз барар жеріміз – аурухана. Әр науқас дертіне шипа табылар деген зор сеніммен баратыны анық. Ал сол сенімге селкеу түссе не бол­мақ? «Ет сасы­са тұз себер, тұз сасыса не себер?» дегенің кебі. Олай деуіміз­ге Маңғыстау облысы Ақтау қаласындағы «Се­нім» клиникасына қаралып жүрген қандасымыз Әбдірахман Бабықтың бізге хабарласып, айтқан базынасы себеп болып еді. Túrkistan газетінің (16.01.2020) №2 санында Иран елінен көшіп келген қандасымыз Әбдірахман Ба­­бықтың отбасындағы әлеу­мет­тік қиыншылығына байланысты «Қа­зақ есімді ана қазақ елінен жәр­­­дем сұрайды» деген тақырыпта ма­­қала жарияланған еді. Мақалада қандасымыз Әбдірахман Бабық­тың екі көзі нашар көретіні және отбасы мүшелері жұмысқа жарамсыз болғандықтан жағдайы төмен екені жазылған. Сонымен қатар Әбдірах­ман Бабықтың отбасылық табысы дәрі-дәрмегіне жетпейті­нін, екінші топтағы мүгедектерге бе­ретін әлеуметтік жәрдемақы алу­ды сұрағаны айтылған. Осыған орай, газет атынан клиникаға атал­ған мәселеге байланысты нақ­т­ы жауап беруін сұрап, арнайы хат (9 ақпанда) жолдаған едік. Өйткені, қазақта «ауру адам – ұрысқақ, аш адам – ты­рыс­қақ» деген сөз бар ғой, сол айт­қандай науқас адам эмоцияға бе­ріліп, қаттырақ айтып қойды ма, мәселенің анық-қанығын Гип­пократқа ант берген ақ халатты дәрігерлердің өзінен сұрап білейік дег­ен ниет болатын. Хатымыз ау­руханаға жетті. Бірақ хаттың жауабы келмеді. Тіптен, телефон ша­лып та көрдік. Бір жағынан қан­­­­дасымыздың мекемеден көңі-лі қалған ба, қайта-қайта бізге ха­барласып, мәселенің шешілмеге­нін айтумен болды. Сонымен Túrkistan газетінің қан­дастарға арналған ATAJURT жобасы аясында Маң­ғыс­­тау облысы Ақтау қаласына ар­найы барып, Әбдірахман Бабық­тың өзімен және жұбайы Қазақ Нос­­ратбибімен жолығып сөйлес­тік. – Мен «Сенім» клиникасына кө­зім нашар көретінін айтып, кө­зілдірік беруді сұрадым. Бірақ олар «сізге көзілдірік жарамайды» деп 2018 жылы көзіме операция жа­сады. Кәдімгі бір көзімді шы­ға­рып алды да, қайта тігіп орнына қой­ды. Екі айдан кейін көзім бұ­рынғыдан бетер нашарлады. Сосын ауруханаға барып, «көзіме опе­рация жасаған дәрігер қайда, көру қабілетім нашарлап кетті» деп едім, олар «ол дәрігер қашып кет­кен» деді. Мекенжайын сұрап едім, «бізге айтпай кетіп қалды, біл­мейміз» деп бермеді, – дейді Иран елінен келген қандасымыз Әбдірахман Бабық. Бұдан кейін оның отба­сы­лық күнкөрісі төмендеген. Өйткені, Әбдірахман Бабық расымен де жұмысқа жарамсыз болып қал­ған. Ал жұбайы Қазақ Носратбибі көше сыпырып, айына 40 мың теңге алады екен. Әлеуметтік жатақханада тұратын Әбдірахман Бабықтың отбасы сол 40 мың теңгемен емделе ме, әлде күн көре ме?! Осылай тұрмыстың тауқыметі қысқан қандастар ақыры екі көзі на­шар көретін Әбдірахман Ба­бық­қа екінші топтағы мүгедектерге беретін әлеуметтік жәрдемақы алу үшін «Сенім» клиникасына жүгін­ген. Бірақ олар шығарған дәрі­гердің диагнозы Медициналық әлеуметтік сараптама комиссиясын қанағаттандырмаған көрі­не­ді. Өйткені оған үшінші топтағы мү­гедек деген анықтама шыққан. – Жолдасымның көзіне дұрыс опе­рация жасамай, одан бетер со­қыр қылып қойған аурухана әкім­шілігі: «Арыз жазба, сотқа бер­ме. Екінші топтағы мүгедектерге беретін әлеуметтік жәрдемақыны алып береміз» деп уәде берді, – дей­ді жұбайы Қазақ Носратбибі. – Дәрігерлер «5 келіден асатын зат көтеруге болмайды, жұмысқа жа­­рамайсыз» дейді. Ал Меди­ци­на­лық әлеуметтік сараптама комиссиясы мені жұмыс істеуге жарамды дейді, – деп мұңын шақты Әб­дірахман Бабық. Осылайша қандастардың айтар базынасын өз аузынан тыңдап алған соң, (аудио, ви­деоға жазып алып) «Сенім» кли­ни­касына бардық. Қазіргі каран­тин­ге байланысты барлық гигие­на­лық тәртіпті сақтай отырып, бас дәрігерге жолықтық. Әуелі тер­геп, тексерген бас дәрігер бұл мә­селе бойынша жауап беруге жал­тарып, бірден ат-тонын ала қаш­ты. Осы кезде біз газет атынан жол­данған хатқа неліктен 9 ай бойы жауап бермегенін сұрадық. Ресми хатқа жауап беру міндетті  (заң­ды) екені есіне түссе керек, ал­дындағы бетқаратпас райынан қай­тып, хатпен сұраған сауалы­мыз­ға ауызша жауап беруге к­е­лісті. – Бұл Әбдірахман Бабық деген кісі 1956 жылы туған. «Сенім» кли­­никасына тіркелген. 2018 жы­лы қазан айында көзіне ота жа­сал­ған. Диагнозы – глаукома. Өзінің айтуына қарағанда, сол опе­рациядан кейін бұл кісінің көру қабілеті нашарлай түскен. Ондай мүгедек­тік байқалған соң, 2019 жылы біз бұл кісіні екінші мүгедектік топқа дайындадық. Мүгедектік топты дайындайтын 088-ші форма бар. Облыстық Ме­дициналық әлеумет­тік сараптама комиссиясына тиіс­ті құжаттарын дайындап жібердік. Алайда Меди­циналық әлеуметтік сараптама комиссиясы бұл кісіге үшінші топ­тағы мүгедектікті берген. Мүге­дектік топты анықтайтын біз емес, Медициналық әлеуметтік сарап­тама комиссиясы, – дейді «Сенім» клиникасының бас дәрі­гері Ерке Сейітқызы. Қандасымыз Әбдірахман Бабыққа дәрігерлер екінші топ­тағы мүгедек екенін анық­тай­тын диагноз шығарған болса, онда облыс­тық Медициналық әлеумет­тік са­рап­тама комиссиясы неліктен үшін­ші топтағы мүгедек деп та­ныған?! Қысқасы, бұл мәселені әлі де назарда ұстайтынымыз­ды ес­кертіп, құзырлы мекемелерден осы жағдайға байланысты то­лымды жауап күтеміз.