Қырғыздың үміті 31-үкіметте
Қырғыздың үміті 31-үкіметте
Қырғыз Республикасы өз алдына дербес мемлекет болғаннан бергі 29 жылда үкімет 30 рет ауысып, 31-премьер-министр Садыр Жапаров 28 қазанда ант беріп, президенттің міндетін де заң жүзінде қоса атқара бастады. Салыстырып қарасақ, аталған мезгілде үкімет басшылары Қазақстанда 11 рет, Тәжікстанда 8 рет, Өзбекстанда 5 рет ауысыпты. Түркіменстанда министрлер кабинетін президент басқарып отыр.