Қан қысымына қарсы дәрілер коронавирустың асқыну қаупін азайтады – АҚШ ғалымы

Қан қысымына қарсы дәрілер коронавирустың асқыну қаупін азайтады – АҚШ ғалымы

Қан қысымына қарсы дәрілер коронавирустың асқыну қаупін азайтады – АҚШ ғалымы
ашық дереккөзі
АҚШ-тағы халықаралық Луки университетінің (АҚШ) маманы Юдзиро Йокояма гипертония мен коронавирусқа қарсы препараттардың байланысын зерттеді. Оның айтуынша, құрамында ACE немесе AT1 рецепторымен байланысатын заттар бар препараттар коронавирустың асқыну қаупін төмендетеді.  Америкалық ғалым жоғары қан қысымына қарсы дәрі-дәрмектерді тұрақты түрде қабылдаған адамдарда коронавирус жеңіл өткенін байқаған. Йокояманың айтуынша, гипертонияға қарсы дәрілерді бұрыннан қабылдап келген науқастар COVID-19-дан емделу кезінде де қолдануды тоқтатпауы керек. Дәрігердің айтуынша, ACE немесе AT1 рецепторымен байланысатын заттар бүйрек пен жүрекке жақсы әсер етеді. Гипертонияға қарсы дәрі-дәрмектер ACE2 ақуызының әсерін бейтараптандырады. Осы ақуыздың көмегімен коронавирус ағзаға енеді. Жоғары қан қысымына қарсы дәрі-дәрмектер құрамында ACE2-ге ұқсас ACE ақуызына кері әсер ететін заттар бар. Еске сала кетейік, бұған дейін коронавирусқа қарсы дәрінің өлімге әкеліп соғатын қаупі анықталған еді. Чикагодағы Иллинойс университетінің ғалымдарының зерттеуі нәтижесінде коронавирустың асқынуы кезінде қолданылатын азитромицин препаратының денсаулыққа залалы бар екені белгілі болды. Бұл дәрі өзге кейбір өзге дәрілермен қатар қабылданған жағдайда жүрек талмасын тудыруы мүмкін.