ШҚО-да карантин талаптары күшейтілді

ШҚО-да карантин талаптары күшейтілді

ШҚО-да карантин талаптары күшейтілді
ашық дереккөзі
Шығыс Қазақстан облыстық Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы Талғат Тұңғышбаев 10 қарашада шыққан №24 қаулының тармақтарына тоқталып өтті. Шығыс Қазақстанда 10 қарашада коронавирустық инфекцияны жұқтырудың 237 жаңа жағдайы тіркелді. Жаңа қаулы талаптарына сәйкес, караоке, бильярд, компьютерлік клубтар, түнгі клубтар, боулинг – орталықтар, жабық үй-жайлардағы балалар ойын алаңдары мен аттракциондары, кинотеатрлар, букмекерлік кеңселер, фудкорт сияқты ойын-сауық мекемелерінің жұмысы тоқтатылды. Өскемен, Риддер, Серебрянск қалаларында және Алтай ауданының Жаңа Бұқтырма кентінде эпидемиологиялық жағдайдың күрделенуіне байланысты кинотеатрлардың, моншалардың, сауналардың, бассейндердің, театрлардың, мәдениет объектілерінің, кітапханалардың, музейлердің, фитнес-орталықтардың және спорттық-сауықтыру орталықтарының, тренажер залдарының, спорт кешендерінің, СПА-орталықтардың жұмыс істеуіне тыйым салынды. Қоғамдық тамақтандыру объектілері енді демалыс және мереке күндері қызметін тоқтата отырып, сағат 7-ден 22.00-ге дейін жұмыс істей алады. Бұл ретте, осы объектілер жеткізу және алып кету тәртібін сақтай отырып, шектеусіз онлайн режимде жұмыс істей алады. Азық-түлік сатпайтын сауда нысандарының, сұлулық салондарының, шаштараздардың, көлік жуу орындарының, кір жуу орындарының, фотосалондардың, бизнес орталықтардың және басқа да кеңсе ғимараттарының жұмыс режимі мереке және демалыс күндері қызметін тоқтата отырып, таңғы сағат 7-ден 19.00-ге дейін болып белгіленді. 5 жасқа дейінгі балаларды, ашық алаңда спортпен шұғылданатын және жеке көлікте отырған адамдарды есепке алмағанда, барлық жеке тұлғалар үшін медициналық маска тағу режимін сақтау талап етіледі. «65 жасқа дейінгі азаматтарға және созылмалы аурулары бар адамдарға үйден дәріханаға шығуға, төлем жасау, коммуналдық қызметтерді төлеу және сауда жасау үшін мекемелерге, жұмысқа баруға рұқсат етіледі», – деп атап өтті Талғат Тұңғышбаев.