Вячеслав Вавилин: «Қазақпын» деп айтуды мақтан етемін!

Вячеслав Вавилин: «Қазақпын» деп айтуды мақтан етемін!

Вячеслав Вавилин: «Қазақпын» деп айтуды мақтан етемін!
ашық дереккөзі

Вячеслав ВАВИЛИН, Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметтері орталық штабының Шығыс Қазақстан облыстық филиалының директоры:

– Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдық мерейтойы құтты болсын!

«Шат-шадыман ел болдық, асусыз асқар бел болдық».

Осы нәтиже Елбасы, Сіздің салиқалы саясатыңыз және барша халықтың істеп жатқан еңбегінің арқасы деп білеміз.

Сіздің бастаған жұмысыңыз ешқашан тоқтамасын! Жемісін беріп, жалғаса берсін!

Ал біз, қазақ елін мекен еткен түрлі ұлттың өкілдері, біртұтас тату халық болып, еліміздің дамуына зор үлес қосамыз!

«50 жылда ел жаңа, 100  жылда қазан». Біз келесі жылы, егемен еліміздің 30 жылдық мерейтойын тойлаймыз.

Еліміздің бар жақсылығы әлі алда!

«Ұрыс болған жерде ырыс болмайды».

Әлем мың құбылып тұрғанда біздің тыныштығымыз – басымыздағы үлкен бағымыз.

«Тіл мәртебесі – ел мәртебесі».

«Кімнің жерін жерлесең, соның жырын жырларсың».

«Түрі сары, көзі көк, айтып тұрған сөзі көп» деп жүрмеңіздер!

Менің нәсілім орыс болса да, «Қазақпын» деп айтуды мақтан етемін!!!

Бұған дәлел ретінде мен төрт балама қазақша ат қойдым.

Сафия, Мұхаммед, Адам және 16 желтоқсан Тәуелсіздік мерекесі күні дүниеге келген кенже баламды «желтоқсан» сөзінің мағынасын беретін Жәди есімімен атадым.

2007-ші жылы Алматы қаласының Медеу ауданына қарасты Алатау кентіне 25 жасымда әкім лауазымынатағайындалдым.

Қазақ айтады: «Ат ауыздықпен алысса, шабыс тілегені».

Осындай шабыспен әлі күнге дейін тура жолдамын.

Нұрсұлтан Әбішұлы, мен тау құтқарушысымын.

Және тірлік түбі бірлік екенін сөз емес іс жүзінде білемін!

Осы жылдың басында біздің командамыз, ал бұл қазақтар, орыстар, немістер және татарлар шахтада су басқан жұмысшыны 39 сағат (екі тәулікке жуық) бойы құтқарды.

Енді құтқарылғандар отбасы мен біздің команда – мәңгі туғандар!

Ардақты қауым!

Алдасайлау науқаны. Мәжіліс депутаттығына Қазақстан халқы Ассамблеясынан 9 адам сайланады.

Ал, Ассамблеяның әрбір депутаты өз ұлтының пайдасын емес, бүкіл Қазақстан халқының мүддесінқорғайтынын ұмытпауымыз керек!

«Туырлығын тілгілеп, тоқым етсем деп едім» дейтіндер қаншама, қазіргі уақытта!

Ұлтаралық қатынастарға қатысты әлеуметтік желілерде айтылып жатқан арандатушы сөздерден аулақ болмасақ, бұл жақсылыққа әкелмес!

Әрбір азаматтың, әсіресе жастардың сабырлылық және әдептілік танытқаны абзал.

Осы саланы нақты реттейтін заңдардың қатаң орындалуын қамтамасыз етудің, керек болса, оларды жетілдірудің уақыты келді деп санаймын.

Мәңгілік елімізді мәресіне жеткізер жастарымыздың бойына Абай атамыз айтқандай: «ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүректі» нәсіп етсін!