Еліміздің екі қаласында патриоттық автошеру өтті

11 қараша, 2020 / Асыл ТҰМАР
ашық дереккөзі
Еліміздің екі қаласында патриоттық автошеру өтті

Бүгін Ақтөбе мен Тараз қалаларында «JasOtan» Жастар қанатының 20 жылдығынаарналған патриоттық акция – автошеру өтті. Бұл акцияны екі қалада 70-тен астам адам қолдады.

Автоколонналардың құрамындағы жастар қалалардың ең маңызды көрікті жерлері мен басты көшелерін қамтыған маршрут бойынша жүріп өтті. Автошерудің ерекшелігі – әр көлікке бекітілген мемлекеттік жалаулар болды.

Осылайша, жастар мемлекеттік рәміздергеқұрмет көрсетіп, тұрғындардың патриоттық рухын нығайтуға өз үлестерін қосты.

«Jas Otan» ЖҚ Ақтөбе филиалының жетекшісі Асылжан Бүркіталин:

«Жақында әлеуметтік желілерде біздіңтуымызды қолдау акциясы өтті, ал біздің бүгінгі патриоттық автошеруміз осының қисынды жалғасы болды. Осындай іс-шаралар қала тұрғындары мен қонақтары үшін патриотизм рухын нығайту және мерекелік көңіл-күй қалыптастыру үшін өткізілетінін атап өткім келеді».

Барлық қатысушылар қажетті қауіпсіздік құралдарымен қамтамасыз етіліп, карантиндік шараларға қатысты нұсқау берілді.