Атырауда модульдік аурухана ашылды

Атырауда модульдік аурухана ашылды

Атырауда модульдік аурухана ашылды
ашық дереккөзі
Атырау облысы болжанып отырған пандемияның екінші толқынына дайындық аясында бірқатар медициналық нысандарды пайдалануға берді. Соның бірі – екі ай ішінде салынған 200 орындық модульдік госпиталь. Мекеме диагностика және емдеу үшін заманауи медициналық жабдықтармен: компьютерлік томографпен, сандық рентген аппаратымен, медициналық газдар жүйесімен, УДЗ, ЭКГ, өкпені жасанды желдету аппараттары және басқалармен қамтылған. Медициналық мекемеде қауіпсіздік деңгейі жоғары, ақылды желдету жүйесі орнатылған. Палаталарда әр төсекте медбикені шақыру түймесі бар. Оқшауланған бокстарға арнайы чиптер арқылы ғана кіруге болады. Сондай-ақ 20 реанимациялық төсек қарастырылған. Госпитальда жергілікті медицина қызметкерлерімен қатар Грузия Республикасынан келген дәрігерлер 6 ай бойы  жұмыс істейді.