Тәуелсіздік күні «Абай» және «Әл-Фараби» сериалдары эфирге шығады

Тәуелсіздік күні «Абай» және «Әл-Фараби» сериалдары эфирге шығады

Тәуелсіздік күні «Абай» және «Әл-Фараби» сериалдары эфирге шығады
ашық дереккөзі
Тәуелсіздік күні қарсаңында Qazaqstan Ұлттық телеарнасынан «Абай» және «Әл-Фараби» сериалдары эфирге шығады. Пандемия Корпорацияның телесериалдар өндірісіне кедергі болғанымен, өндіріс толықтай тоқтап қалған жоқ. Елімізге індет әлі жете қоймаған тұста ұлы Абайдың 175 жылдығына арналған «Абай» сериалының, Әл-Фарабидің 1 150 жылдығы қарсаңында жоспарланған «Әл-Фараби» телехикаясының түсірілім жұмыстары басталып кеткен болатын. Еліміздің әр аймағында жүргізілген түсірілім жұмыстары төтенше жағдайға байланысты сәл кешеуілдеді, десе де, аяқтап үлгердік. Қос тарихи туынды эфирге Тәуелсіздік мерекесінде шығады, – деп атап өтті Басқарма төрайымы Ләззат Танысбай. Сонымен қатар, Ұлттық арна 100 бөлімнен тұратын «Замандастар» , Халық жазушысы Ә.Нұршайықовтың романы желісі бойынша түсірілген «Махаббат, қызық мол жылдар» телехикаяларын ұсынбақ. Qazaqstan арнасы телекөрерменге биылғы жылы жалпы саны 300-ге жуық сериядан тұратын 13 отандық телехикая ұсынады.