Тәуелсіздік күні «Абай» және «Әл-Фараби» сериалдары эфирге шығады

Тәуелсіздік күні қарсаңында Qazaqstan Ұлттық телеарнасынан «Абай» және «Әл-Фараби» сериалдары эфирге шығады.

Пандемия Корпорацияның телесериалдар өндірісіне кедергі болғанымен, өндіріс толықтай тоқтап қалған жоқ. Елімізге індет әлі жете қоймаған тұста ұлы Абайдың 175 жылдығына арналған «Абай» сериалының, Әл-Фарабидің 1 150 жылдығы қарсаңында жоспарланған «Әл-Фараби» телехикаясының түсірілім жұмыстары басталып кеткен болатын. Еліміздің әр аймағында жүргізілген түсірілім жұмыстары төтенше жағдайға байланысты сәл кешеуілдеді, десе де, аяқтап үлгердік. Қос тарихи туынды эфирге Тәуелсіздік мерекесінде шығады, – деп атап өтті Басқарма төрайымы Ләззат Танысбай.

Сонымен қатар, Ұлттық арна 100 бөлімнен тұратын «Замандастар» , Халық жазушысы Ә.Нұршайықовтың романы желісі бойынша түсірілген «Махаббат, қызық мол жылдар» телехикаяларын ұсынбақ.

Qazaqstan арнасы телекөрерменге биылғы жылы жалпы саны 300-ге жуық сериядан тұратын 13 отандық телехикая ұсынады.

Back to top button