Парламент Мәжілісінің партиялық тізіміне кандидаттар анықталды

Парламент Мәжілісінің партиялық тізіміне кандидаттар анықталды

Парламент Мәжілісінің партиялық тізіміне кандидаттар анықталды
ашық дереккөзі
Алматыда «Nur Otan» қалалық филиалының конференциясында мәслихатқа партиялық тізім қалыптастырылып, Парламент Мәжілісінің партиялық тізіміне кандидаттар анықталды. Сондай-ақ, қалалық сайлауалды бағдарламасы бекітіліп, партияның XX съезіне қатысу үшін делегаттар сайланды, деп хабарлайды «Nur Otan» Орталық аппаратының баспасөз қызметі. Сонымен, ең жоғары рейтингісі бар праймеризге қатысушылар қатарынан және филиал квотасын ескере отырып, қала мәслихатына 1 орынға 2 адам қағидаты бойынша 78 кандидаттан тұратын партиялық тізім түзілді. Тізімге белгілі қоғам қайраткерлері, азаматтық сектор, БАҚ өкілдері кірді. Олардың арасында көп балалы ана Гүлжан Бекенова, праймериздің ең жас қатысушысы – шахматшы Жансая Әбдімәлік, кардиохирург дәрігер Алмат Қодасбаев және басқалары бар. Толық партиялық тізіммен primaries.kz сайтында танысуға болады.  width= Талдау көрсеткендей, тізімдегі әйелдердің үлесі 2 есе - 16-дан 35%-ға дейін, ал 35 жасқа дейінгі жастар 6 есе - 2,7-ден 20%-ға дейін өсті. Үміткерлердің орташа жасы 8 жасқа – 52 жастан 44 жасқа дейін жасарды. Қызметтегі 29 депутаттың 16-сы ғана жаңа партиялық тізімге енді. Тізімде ШОБ өкілдерінің үлесі басым – 41%, білім беру саласы – 14,1%, үкіметтік емес ұйымдар – 11,5% және т.б. Конференция барысында мәжіліске партиялық тізімге үміткерлер арасында пікірсайыс өтті. Бірінші раундта қатысушылар өздерінің сайлауалды бағдарламаларының негізгі тезистерін таныстырды, екінші раундта "сұрақ-жауап" түрінде пікірталас сессиясы өтті. 13 үміткердің ішінен партия мүшелері «Праймериз» ақпараттық жүйесі арқылы қалалық квотаға сәйкес 7 кандидатты таңдады. Парламенттің төменгі палатасының депутаты Артур Платонов, Алмалы аудандық филиалының төрағасы Бекқали Торғаев, білім беру саласының өкілі Жұлдыз Досбергенова, қалалық Қоғамдық кеңестің өкілі Алтынай Көбеева, қоғам белсендісі және «Мен алматылықпын» қозғалысының жетекшісі Константин Авершин, жасотандық Мәди Ахметов және бизнес өкілі Шухрат Шардинов ең көп дауыс жинады.  width= Филиал төрағасының бірінші орынбасары Станислав Конкуров атап өткендей, партияның қалалық сайлауалды бағдарламасы Алматыны дамытудың 12 драйверін және праймериз аясында тұрғындардан түскен ұсыныстарды ескере отырып әзірленген. Еске сала кетейік, бұған дейін «Nur Otan» партиясы өңірлік филиалдардың конференция кестесін жариялаған болатын, оның барысында барлық деңгейдегі мәслихаттарға партиялық тізімдер және әр өңірден Мәжіліске арналған партиялық тізімге кандидаттар анықталатын болады. Сонымен, кеше Шымкент қаласында конференция өтті, ал ертең Нұр-Сұлтан қаласында конференция өтеді. Алматы, Қарағанды және Қызылорда облыстарында 16 қараша күні өтеді. Ақмола, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Түркістан, Атырау, Қостанай, Маңғыстау, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында 17 қарашада өткізіледі деп жоспарланып отыр. Қалалық және аймақтық конференцияларда кандидаттар арасындағы пікірсайыс праймериздің екінші деңгейі аясында өткізіледі. Партияішілік іріктеудің бірінші кезеңіне 10 мың кандидат қатысты. Оның 37%-ы – әйелдер, 29%-ы – 35 жасқа дейінгі жастар. Бастауыш партия ұйымдарынан кандидаттардың 30%-ы ұсынылса, 70%-ы – өзін-өзі ұсынушылар. Үміткерлердің орташа жасы – 43 жас. Бұл ретте дауыс беруге 662 мыңнан астам партиялық қатысты.