Жаңалықтар

Nokia 6300 және Nokia 8000 ұялы телефондары қайта шығарылмақ

ашық дереккөзі

Nokia 6300 және Nokia 8000 ұялы телефондары қайта шығарылмақ

Смартфондар жыл соңына дейін шығарылады. HMD Global Nokia брендін қайта жаңғыртып, телефон өндіруге және сатуға лицензия алғаннан кейін, фин компаниясы классикалық модельдерді заманауи ақылды функциялары бар жаңартылған дизайнда шығаруға ниет білдіріп отыр. Естеріңізде болса, 2017 жылы Nokia 3310 жаңартылған нұсқада шықты, кейінірек Nokia 8810 (2018), Nokia 2720 (2019) және Nokia 5310 XpressMusic (2020) модельдері де қайта шығарылды. Неміс Winfuture техникалық блогының мәліметінше, ендігі кезекте Nokia 6300 және Nokia 8000 тағы бір мәрте шығарылады. Бұл ақпаратты Данияның Telia ұялы байланыс операторы да растады. 2007 жылы шыққан Nokia 6300 - 40 сериялы болат корпусы бар телефон. Сондай-ақ, түрлі-түсті дисплейі, 2 мегапиксельді камерасы болды. Ал Nokia 8000-дің дисплейі сапфир әйнекпен қапталған еді. Аталған телефон модельдері бастапқыда тек Еуропада таралмақ.