Жыл сөзі анықталды
Жыл сөзі анықталды
Ұлыбританиялық Collins Dictionary сөздігі «локдаун» сөзін жыл сөзі ретінде жариялады. Сарапшылардың айтуынша, бұл сөз «бүкіл әлем бойынша миллиардтаған адамды біріктірді», деп жазады Интерфакс.
Лексикографтар 2020 жылы «локдаун» сөзі 250 мыңнан астам қолданылғанын анықтады, өткен жылы бұл көрсеткіш төрт мың болған.
«Локдаун – COVID-19-дың таралуын азайту үшін бүкіл әлем елдерінің билігі қабылдаған шектеу шаралары. Collins бұл сөзді 2020 жылдың сөзі ретінде жариялады», - делінген сөздік сайтындағы хабарламада.
Локдауннан бөлек, топ-10 сөз қатарына коронавирус («coronavirus»), әлеуметтік қашықтық («social distance»), ақысы төленбейтін демалыс ("furlough") сөздері енген.
Еске сала кетейік, 2019 жылы Collins климаттық көтеріліс («climate strike») сөзін, ал 2017 жылы фейк жаңалық («fake news») сөзін жыл сөзі деп жариялаған.