Алматының бас санитары кезекші сыныптардың жұмысына рұқсат берді

10 қараша, 2020 / Анар ЛЕПЕСОВА
ашық дереккөзі
Алматының бас санитары кезекші сыныптардың жұмысына рұқсат берді Алматы қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің жаңа қаулысы жарияланды. Қаулыға сәйкес, 2020-2021 оқу жылының екінші тоқсанынан бастап оқушылар саны 300 балаға дейінгі мектептердің жұмысын дәстүрлі форматқа көшіруге рұқсат етілді. Ал сыныптағы оқушылардың саны 15-тен аспауы тиіс. Сонымен қатар, қала мектептерінде ата-аналардың өтініші бойынша 1 сыныптан 5 сыныпқа дейін, халықаралық мектептерде 7 сыныпқа дейін кезекші сыныптарда оқуға рұқсат берілді. Міндетті түрде санитарлық-дезинфекциялық режимді, маска режимін, шахмат ретімен отырғызу және әлеуметтік ара қашықтықты сақтау қажет.