Túrkistan газетінің жинағы жарық көрді

Túrkistan газетінің жинағы жарық көрді

Túrkistan газетінің жинағы жарық көрді
ашық дереккөзі
Túrkistan халықаралық газетінің материалдар жинағы жарық көрді. Кітап басылымның мерейтойына орай құрастырылған. Жинаққа 1994 жылдан бері газет бетінде жарияланған мақалалар, сұхбаттар енгізілген. Ұсынылып отырған материалдар халқымыздың тілі, діні, ділі, тарихы, әдет-ғұрпы, салт-санасы, көрнекті тұлғалар, туысқан түркі халықтары, өзге де сан салалы тақырыптар бойынша оқырманға мол, құнарлы мағлұмат береді. Кітап қалың көпшілікке арналған. Кітаптың бірінші бетінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың газеттің алғашқы санында жарық көрген (1994 жылғы 28 қаңтар) құттықтауы басылған. «1994 жылдан бері жарық көріп келе жатқан  газеттің сарғайған тігінділерін қайта парақтап отырып, небір кестелі сөз, көшелі ойдың кеніне кез болдық. «Түркістан» газетінде жарық көрген материалдардың әлі де өміршеңдігін жоймай, маңызын сақтап, құнын жоғалтпағанына тәнті болдық. Әрбір мақаланы қызыға, құныға, бас алмай оқып шықтық. Аманатқа адалдық, өткенге құрмет білдіруді өзімізге асыл мұрат, абзал парыз санап, газет бетінде жарияланған материалдарды іріктеп, жинақ етіп шығаруды ұйғардық. Бұл жинақ қазақ баспасөзін зерттеушілерге көмекші құрал болып, мәртебелі оқырманымыз үшін рухани азық берер пайдалы дүние болады деген сенімдеміз» дейді Túrkistan халықаралық газетінің бас редакторы Қуат Әуесбай.