Нұр-Сұлтандағы көпірде жүк көлігі аударылды – видео

Нұр-Сұлтандағы көпірде жүк көлігі аударылды – видео

Нұр-Сұлтандағы көпірде жүк көлігі аударылды – видео
ашық дереккөзі
Жол апатына не себеп болғаны әзірге белгісіз. Елорда полициясы оқиғаның жай-жапсарын анықтауға кірісті. Бұл туралы sputnik хабарлады.
Нұр-Сұлтанда жолдың ортасында жүк көлігі аударылып қалды. Куәгерлер жол апаты болған жерді видеоға түсіріп алған.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Район Можайского моста

Публикация от Астана Сергек (@astana_sergek_kz)

Кейбір мәліметтер бойынша, жол апаты Пушкин көшесі аумағындағы көпірде болған. Видеожазбаға қарағанда, көлік қатты зақымданған. Бұл факт бойынша тексеріс жүргізіліп жатыр, деп атап өтті Нұр-Сұлтан полиция департаменті. Баспасөз қызметі сондай-ақ жүк көлігінің жүргізушісі дін-аман екенін растады. Қалған мәліметті кейінірек беруге уәде етті. Сейсенбіде Нұр-Сұлтанда қатты көктайғақ болуына байланысты дабылды ескерту жарияланған болатын.