Қазақстан арқылы өтетін транзиттік тасымал көлемі 35 пайызға артты

Қазақстан арқылы өтетін транзиттік тасымал көлемі 35 пайызға артты

Қазақстан арқылы өтетін транзиттік тасымал көлемі 35 пайызға артты
ашық дереккөзі
Биыл Қазақстан арқылы өтетін контейнерлердің транзиттік тасымалы 35 пайызға артқан. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов осындай дерек келтірді. «Көлік саласында нақты көлем индексі 2020 жылдың 10 айында 82,7% пайызды құрады. Пандемияның көлік саласына теріс әсеріне қарамастан, жекелеген бағыттарда өсім бар. Атап айтқанда контейнерлердің транзит тасымалы өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 35,4% пайызға артып, 718,6 мың жиырма фунттық баламаны құрады. 2019 жылдың қаңтар–қазан бұл көрсеткіш 530,8 мың жиырма фунттық балама еді», - деді Бейбіт Атамқұлов Үкімет отырысында. Министрдің сөзінше, көліктің барлық түрімен жүк тасымалдау көлемі 3,2 млрд тоннаны немесе өткен жылмен салыстырғанда 92,9% пайызды құрап отыр. Еске сала кетейік, бұған дейін министр ел экономикасының өсім көрсеткен салаларын атаған болатын. Оның айтуынша, фармацевтика өнеркәсібінде өндіріс көлемі 39,7 пайызға, ал жеңіл өнеркәсіпте 16,4 пайызға өскен. Сондай-ақ, Бейбіт Атамқұлов жыл басынан бері Қазақстанда 94 мың 737 баспана пайдалануға берілгенін айтты. Елдің 15 өңірінде бұл салада көрсеткіш артқан.