COVID-19: Румынияда коменданттық сағат жарияланды

COVID-19: Румынияда коменданттық сағат жарияланды

COVID-19: Румынияда коменданттық сағат жарияланды
ашық дереккөзі
Румынияда карантин күшейтілді. Бүгіннен бастап ел аумағында коменданттық сағат жарияланды. Ел тұрғындары кешкі 23:00-ден таңғы 05:00-ге дейін үйден шыға алмайды. Сондай-ақ румыниялықтар бетперде киюге міндеттелді. Ел оқушылары қашықтан білім алатын болады. Шектеу шараларының қатаңдатылуына Румынияда індет жұқтырғандар санының күннен-күнге көбейе түсуі себеп. Пандемия басталғалы елде 304 мыңнан астам адам індетке шалдыққан. Коронавирус құрбандарының саны 4 мыңға жуықтады. Еске сала кетейік, бұдан бұрын Грузияның 7 қаласында коменданттық сағат жарияланғанын хабарлағанбыз. Атап айтқанда, Тбилиси, Кутаиси, Батуми, Рустави, Зугдиди, Гори, Поти қалаларында көлік пен жаяу жүргіншілердің қозғалысына 22:00-ден 05:00-ге дейін шектеу қойылды.