Қазақстанда жыл басынан бері 95 мыңға жуық отбасы қоныстойын тойлады

Қазақстанда жыл басынан бері 95 мыңға жуық отбасы қоныстойын тойлады

Қазақстанда жыл басынан бері 95 мыңға жуық отбасы қоныстойын тойлады
ашық дереккөзі
2020 жылдың 10 айында елімізде 94 мың 737 баспана пайдалануға берілген. Бұл туралы Үкімет отырысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов мәлімдеді.  «Құрылыс саласында нақты көлем индексі 2020 жылдың 10 айында 110,7 пайызды құрады. 15 өңірде оң динамика байқалады. Мысал ретінде айтқанда Қызылорда облысында магистральдық газ құбырын, электрмен және сумен жабдықтау жүйелерін салу жұмыстары аяқталды. Батыс Қазақстан облысында «Каспий құбыр консорциумы» КҚК магистральдық газ құбырын салу бойынша негізгі жұмыстар шегіне жетті», - деді министр. Бейбіт Атамқұловтың сөзінше, тұрғын үй құрылысы саласында биылғы 10 айдың қорытындысы бойынша 10 млн 744 мың шаршы метр баспана салынған. «Республика бойынша барлығы 94 мың 737 баспана пайдалануға берілді (оның ішінде 34 535 жеке тұрғын үй). 15 өңірде бұл салада көрсеткіш артты», - деді ведомство басшысы. Еске сала кетейік, бұған дейін министр ел экономикасының өсім көрсеткен салаларын атаған болатын. Оның айтуынша, фармацевтика өнеркәсібінде өндіріс көлемі 39,7 пайызға, ал жеңіл өнеркәсіпте 16,4 пайызға өскен.