Жаһан

Үндістанда коронавирус жұқтырғандар саны 8,5 миллионнан асты

Өткен тәулікте Үндістанда 45 мыңнан аса адамнан коронавирус анықталды. 

Індет, әсіресе, ел астанасында өршіп барады. Нью-Делиде күн сайын коронавирус жұқтырудың 7 мыңнан астам дерегі анықталуда. Ел билігі күннің суытуы індеттің таралу қарқынын үдете түсе ме деп алаңдаулы.

Бүгінде Үндістанда коронавирус жұқтырғандардың жалпы саны 8,5 миллионнан асып жығылды. Індетке шалдыққандар саны жөнінен бұл ел әлемде АҚШ-тан кейін екінші орында.

Еске сала кетейік, әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 50 миллионнан асты. Еуропада қайтадан вирус ошағына айналып келеді. Құрлықта індетке шалдығудың 12,6 миллион жағдайы тіркелген. Қатерлі вирустан 305 700 еуропалық көз жұмды. Өткен аптада әлем бойынша анықталған 3,9 миллион науқастың 2,1 миллионы – Еуропа тұрғындары.

Back to top button