Жаһан

Трамптың тікұшағы сатылымға шығарылды

АҚШ президенті Дональд Трамптың 2016 жылғы сайлау науқаны кезінде белсенді қолданған жеке тікұшақтарының бірі – Sikorsky S-76B сатылымға шығарылды. Оның бағасы 1 миллион доллардан асып жығылуы мүмкін деп хабарлайды Newsweek

Басылымның жазуынша, биылғы жылдың тамыз айынан бастап мемлекеттік нөмірі N76DT тікұшағы сатылымға қойылған Jet Edge Partners және Aero Asset арнайы сауда алаңдары нақты баға ұсынбаған.

Төрт жыл бұрын New York Times бұл әуе көлігін 875 000 долларға бағалапты. Алайда, қазір сайлау аясында оның құны өсіп, шамамен 1,5 миллион долларды құрауы мүмкін деп болжанып отыр.

Бүгінде тікұшақ Нью-Джерсидегі ангарда тұр. Африка қызыл ағашымен қапталған, кілем төселген, өкілдік класына жататын тікұшақ салонына алты адам сыяды. Ішінде дыбыс өткізбейтін жүйе, тоңазытқыш пен сусындарға арналған шкаф бар, деп жазады басылым.

Back to top button