Қостанай облысында аудандық аурухана өртенді

Қостанай облысының Федоров ауданында аурухана өртеніп жатыр.

Ақпаратты облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Ксения Жилкибаева растады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қостанай облысының Федоров аудандық ауруханасы өртеніп жатыр. Өрт ғимарат шатырынан басталды. Қазіргі уақытта барлық науқастар мен аурухана қызметкерлері оқшау аймаққа көшірілді. 50-ден астам пациент эвакуацияланды. Зардап шеккендер жоқ», – деді ол.

Өрттің нақты себебі анықталып жатыр. Оқиға орнында 6 өрт сөндіру техникасы жұмыс істеуде. Облыс орталығынан 3 арнайы техника жұмылдырылды.

Қостанай облысында аудандық аурухана өртенді

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button