Алматыда «Тот самый КВН» ойыны өтті

Алматыда «Тот самый КВН» ойыны өтті

Алматыда «Тот самый КВН» ойыны өтті
ашық дереккөзі

Өткен демалыс күндері алматылықтардың сүйіктісіне айналған «Тот самый КВН» ойыны өтті. «Алатау» сарайының сахнасында атақты КВН ойыншылары, әзіл-сықақ интернет жобаларының өкілдері, танымал тележүргізушілер, вайнерлер және блогерлер жиналды. Олардың барлығы көрермендер мен телекөрермендерге керемет көңіл-күй мен жағымды эмоциялар сыйлады.

 width=

Бұл ойын дәстүрге айналып, төртінші жыл қатарынан «Халықаралық КВН күні» құрметіне өткізіліп келеді. Бұл жолы ойынға «Чай втроем», «Бахтияр Тайлақбаев», «Сағыз», «Шатыр», «Сенсация», «ИП Сакена Газизовича», «Молбұлақ», «С акцентом» и «Треугольник» құрамалары қатысты.

Ал оларды Әсел Сәдуақасова, Асқар Ұзабаев, Нұртас Адамбай, Роман Альманский және Нұрлан Қоянбаев секілді танымал тұлғалар бағалады.

Ойын қорытындысы бойынша бірінші орынды «Сағыз» командасы, екінші орынды «Бақтияр Тайлақбаев», ал үшінші орынды «Сенсация» командасы иеленді.

Карантиндік шараларға байланысты залдыңүштен бірі ғана көрермендерге толды. Айта кетейік, ойынның толық нұсқасы YouTube кеңістігінде қолжетімді болады, сондай-ақ республикалық арнада көрсетілім жоспарланған.

Идеялық шабыттандырушы және жобаны ұйымдастырушы Еркебұлан Мырзабек атап өткендей: «Бүгінгі іс-шараның көптеген қатысушылары үшін КВН бағалы билетке айналды. Дегенмен, олар осы күнге дейін КВН-ді жақсы көреді, осындай жыл сайынғы ойындарға қатысады. Сондай-ақ, мұндай ойындар ұрпақтар сабақтастығын сақтай отырып, жас және жаңа бастаған командалардың дамуына серпін береді, бұл біздің ісімізде өте маңызды».

Айта кетейік, бұл ойын «Jas Otan» Жастар қанатымен бірлесіп өтті.