Жасотандықтар #AbaıDanalyǵy онлайн челленджін жалғастыруда

9 қараша, 2020 / Túrkistan Gazeti
ашық дереккөзі
Жасотандықтар #AbaıDanalyǵy онлайн челленджін жалғастыруда Акция Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойына қолдау көрсету мақсатында өткізіледі. Әлеуметтік желі қолданушылары Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойын ауқымды түрде атап өту туралы бастамасын қолдау мақсатында іске қосылған #AbaıDanalyǵy челленджіне қатысады. Бұл жолы челленджді Ақтөбе облысының жастары қолдады. «Jas Otan» ЖҚ облыстық филиалының төрағасы Асылжан Бүркіталин Абай шығармаларынан үзінді оқып, өз замандастарын осы челленджге қатысуға шақырды. «Абай Құнанбаевтың әрбір жұмысы бірегей және біздің қоғам үшін үлкен маңызға ие. Өйткені, жазылған әр тақырып, әсіресе қара сөздер бүгінгі күнге дейін өте өзекті. Жастарды челленджді жалғастыруға шақырамын»,- деп атап өтті. Айта кетейік, аталған челленджге «Jas Otan» Жастар қанатының барлық облыстық филиалдарының белсенділері қосылды. Әлеуметтік желілерде #AbaıDanalyǵy хэштегімен жастар ұлы ақынның қара сөздерін, әндері мен өлеңдерін оқыған 200-ден астам жарияланым жарияланды.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Жасотандықтар әлеуметтік желілерде #AbaıDanalyǵy челленджін бастауда ? ⠀ Онлайн челлендж аясында жастар ұлы ақын және ойшыл Абай Құнанбайұлының қара сөздерін, өлеңдерін, әндерін мәнерлеп орындауда ? ⠀ Сен де біздің челленджге қосыл! #AbaıDanalyǵy хэштегін қоюды ұмытпа? ⠀ #JasOtan #Abai175 #Абайданалығы

Публикация от Jas Otan (@jas_otan)