WADA вице-президенті көз жұмды

WADA вице-президенті көз жұмды

WADA вице-президенті көз жұмды
ашық дереккөзі

Бүкіләлемдік допингке қарсы агенттіктің вице-президенті (WADA) қайтыс болды. Ұзаққа созылған сырқаттан көз жұмған Махенкеси Стофиленің жасы 72-де болатын. Бұл туралы агенттіктің баспасөз қызметі хабарлады.

Допингке қарсы күресі әлеміндегі екінші адамның спорт жанкүйерлері асыға күткен айтулы дода – Рио Олимпиадасы кезінде қаза табуы көпшіліктің қабырғасын қайыстырды. WADA-дағылар оның өзі қызмет еткен саланың дамуына қосқан үлесі айрықша екенін, сондай-ақ Оңтүстік Африка Республикасындағы спорттың ілгерілеуіне көп күш жұмсағанын атап өтті.

Махенкеси Стофилеге WADA вице-президенті болу туралы ұсыныс 2013 жылы жасалған болатын. 2014 жылдың қаңтарында ол сол қызметке тағайындалды. 2004-2010 жылдар аралығында Стофиле Оңтүстік Африка Республикасының Спорт министрі болған еді.