Павлодарда пәтерден үш бала мен анасының денесі табылды
9 қараша, 2020 /
Анар ЛЕПЕСОВА
Павлодарда пәтерден үш бала мен анасының денесі табылды
Аталған фактіге қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабы, 2-бөлігі, 1-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.
«9 қараша күні сағат 12:00-де полицияға ер адамнан Айманов көшесі, 2 мекенжайы бойынша орналасқан үйдегі пәтерден төрт адамның денесі табылғаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына келген жедел-тергеу тобы пәтер иесі үйге оралғаннан кейін есікті аша алмағанын анықтады, өйткені есік ішкі жағынан жабылған. Көршілерден құралды алып, есікті ашқан», – делінген облыстық ПД баспасөз мәлімдемесінде.
Пәтерге кірген кезде бөлмелердің бірінен зорлық-зомбылық белгілері бар жұбайының және үш баланың (2013, 2015 және 2017 жылдары туған) денесін көрген. Ерлі-зайыптылар бірге тұрады, балалары ортақ некеден туған. Пәтердегі тәртіп бұзылмаған. Полицияны жолдасы шақырған. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Оқиғаның мән-жайлары анықталуда.
Аталған үйдегі тұрғынның айтуынша, көршілер болған оқиғадан шошып қалған.
– Олар осы жақтан емес, – дейді сол үйдің тұрғыны. – Үш баласы болды. Әйел жас, сүйкімді еді. Ол балаларын Ертіске апаратын, қорғап жүретін. Балалар әрқашан таза, ұқыпты киінетін. Олар туралы жаман ештеңе айта алмаймын. Біз барлығымыз есеңгіреп қалдық.