Асқар Мамин 2 министрге тапсырма берді

Асқар Мамин 2 министрге тапсырма берді

Асқар Мамин 2 министрге тапсырма берді
ашық дереккөзі
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин ҚР аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (ВАК) селекторлық отырысын өткізді, деп хабарлайды primeminister.kz. Санитарлық-эпидемиологиялық ахуал мен қабылданып жатқан шаралар туралы денсаулық сақтау министрі А. Цой, санитарлық талаптардың сақталуын бақылау туралы ішкі істер министрі Е. Тұрғымбаев, ПТР-диагностикалау мен жеке қорғаныш құралдарының баға саясатына мониторинг жүргізу жұмысы бойынша Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы С. Жұманғарин, тұрғындармен ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу туралы ақпарат және қоғамдық даму министрі А. Балаева, өңірлердегі ахуал туралы Қостанай облысының әкімі А. Мұхамбетов, Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғ. Есқалиев, Ақмола облысының әкімі Е. Маржықпаев баяндады. Премьер-Министр екі министрге арнайы тапсырма берді. Денсаулық сақтау министрлігіне: Барлық медициналық қызметтердің орталық және өңірлік деңгейде сырқаттанушылықтың ықтимал өсу жағдайына толық дайындығын қамтамасыз ету; Халықпен шектеу шараларын сақтау жөнінде түсіндіру жұмыстарын тұрақты негізде жүргізу; Шекара қызметімен, өңірлердің әкімдіктерімен бірлесіп, шетелдіктерге Қазақстанға кіру үшін берілетін денсаулық сақтау ұйымдарының шақыру құжаттарына бақылауды күшейту; Әділет министрлігімен, әкімдіктермен бірлесіп, ҚР аумағында емделу үшін шетел азаматтарына шақыру беруге уәкілетті, өңірлердегі денсаулық сақтау ұйымдарының тізбесін айқындау тапсырылды. Ішкі істер министрлігіне халық пен бизнес субъектілерінің шектеу және карантин шараларын сақтауын бақылау жөніндегі мониторингтік топтардың жұмысын күшейту тапсырылды (биылғы 17 тамыздан бастап елімізде 41 мың рейдтік тексеру жүргізілді, 8,7 мың карантинді бұзу фактісі анықталды.