Елордада селфи жасамақ болған жігіт көпірден құлап кетті

Елордада селфи жасамақ болған жігіт көпірден құлап кетті

Елордада селфи жасамақ болған жігіт көпірден құлап кетті
ашық дереккөзі
Нұр-Сұлтанда селфи жасамақ болған жігіт Есіл өзеніне құлап кетті. Бұл туралы  қалалық ПД баспасөз қызметі хабарлады.  "Атыраулық" көпірден ер адам секіріп кетті деген хабарлама түсті. Ал оқиға орнына жеткен полицейлер 22 жастағы жігіттің селфи жасап жатқан кезде Есіл өзеніне құлап кеткенін анықтады. Ол жарақат алған жоқ, өзі жағалауға жүзіп жеткен", - деді полицейлер. Тәртіп сақшылары тұрғындарға экстремалды селфи жасаудың қауіпті екенін ескертіп, абай болуға шақырды. Айта кетерлігі, елордада мұндай жайт бұған дейін де орын алған болатын. Нақтырақ айтсақ, бір ай бұрын ішімдік ішіп алған екі ер адам селфи жасау үшін Қабанбай батыр даңғылындағы көпірге шығып алған еді. Куәгерлер дереу тәртіп сақшыларына хабар бергеннен кейін, оларды көпірдің үстінен полицейлер қауіпсіз жерге түсірген. Екі азамат та 5 АЕК мөлшерінде айыппұл төлейтын болды.