Ақтөбе облысында браконьерлерден 167 киік мүйізі тәркіленді

Сондай-ақ!

Қаланы көркейту жобасына тұрғындар қатыса алады

Алматы қаласында «Бюджетке қатысу» жобасы аясында 2021 жылдан бастап 300-ден астам жоба жүзеге асырылады. Биыл жоба аясында тұрғындар тарапынан 795 ұсыныс түсіп, оның 448-і...

Болмасақ болды

Қазақ тіліне калькаланып келген дүниелердің бірі – келер шақ формасына «бол» етістігін тіркеп қолдану. Ол орыс тіліндегі «будем, будете, буду, будешь» дегеннің салдары. Мысалы: «Балалар,...

Сегіз қырлы Серік

Осы бір орта бойлы, ақ-сары өңді, кең маң­дайлы, ақкөңіл, әрқашан жай­дары, жан-жағына шуақ шашып жүретін, шын мәнін­де сегіз қырлы, бір сырлы жігітпен қашан, қай...

Александр Дворкин: Әлемге әйгілі секталар

АУДАРМАШЫДАН: Осыдан біраз жыл бұрын діни ағымдар жайлы мағлұмат іздеп, қазақша кітаптарды ақтарып, ауызтұщырлық ештеңе таба алмай, ақыры әлемжеліге үңілгем. Онда да өз тілімізде...

Елімізде өткен жылдан бастап экологиялық қылмыстар үшін жаза күшейтілді.

Бірақ соған қарамастан браконьерлер өздерінің қылмыстық әрекеттерін жалғастыруда. Республиканың бірнеше аймағында полицейлер табиғатқа үлкен зиян келтірген қылмыскерлерді ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақтөбе облысында тәртіп сақшылары заңсыз аң аулау фактісі бойынша күдіктілерден 167 дана киік мүйізін, бес килограмм Қызыл кітапқа енген жануардың етін, аңшылық мылтық пен 12 патронды тәркіледі. Қазіргі таңда полиция қызметкерлері киіктердің мүйізін сатып алу және оларды шетелге өткізумен айналысатын азаматтарды іздестіруде.

Ал Қызылорда облысында полицейлер қарақұйрықты атып өлтірген браконьерді қамауға алды. Тәртіп сақшылары күдікті көрінген мотоцикл жүргізушісін тексеру мақсатында тоқтатқан. Көлік құралын тексеру барысында олар қарақұйрықтың ұшасын, пышақ пен мылтықты тапты.

Сондай-ақ Түркістан облысының аумағында «Браконьер» жедел алдын алу іс-шарасы өткізілген бір айда табиғатты қорғау заңнамасы саласында үш экологиялық қылмыс және 159 әкімшілік құқық бұзушылық ашылды. Полиция браконьерлерден 152 килограмм заңсыз ауланған балықты, үш қайықты және 200 метрден астам балық аулау торларын тәркіледі.

Табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері Келес аудандық полиция бөлімінің учаскелік инспекторларымен бірге Сырдария өзенінде электр тоғының көмегімен балық аулаумен айналысқан жергілікті тұрғынды ұстады. Екі күннен кейін олар «қытай торларымен» балық аулаған тағы екі браконьерді құрықтады. Барлық фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Редакция таңдауы

Дерт дендеп тұрса да, думан-тойға миллиондап шашпақ

Коронавирус әлемге кесірін тигізудей-ақ тигізді. Жо­ғалт­­қанымыз көп. Алайда тапқа­ны­мыз да аз емес: денсаулық­тың қадірін, жақынымыз­дың баға­сын, қолда бардың құнын білдік. Көрпемізге қарап көсілуді үйрендік,...

Ауа газға, су зәрге айналса…

Жер басып жүрген пенде үшін негізгі тіршілік тірегі − ауа мен су, сондықтан оны таза сақтау адамзаттың ең бірінші міндеті екені ес білгелі құлағымызға...

Партиялар «парады»

2021 жылғы 10 қаңтарда қазақстандықтар Мәжіліс депутаттарын сайлайды. Соңғы 17 жылда алғаш рет өз уақытында өткелі отырған бұл саяси додадан сайлаушылардың  күтері көп. Ең...

Нұрсұлтан Назарбаев: Түркістанды дамыту – халқымыз үшін қасиетті парыз

Ұлы Жібек жолында мыңжылдық өркениеттерді тоғыстырған Түркістан – Ұлы даладағы ұлы өзгерістерге негіз болған қасиетті қала. Түркістан – ұлы ғұлама Қожа Ахмет Ясауи мен...

Ұлттық банк ескертеді: қаражат туралы хабарламаны тексеріңіз

Қазақстан Ұлттық банкі қаражат жіберу туралы өтініші бар электрондық хаттар мен анонимді...

Қаланы көркейту жобасына тұрғындар қатыса алады

Алматы қаласында «Бюджетке қатысу» жобасы аясында 2021 жылдан бастап 300-ден астам жоба...

Болмасақ болды

Қазақ тіліне калькаланып келген дүниелердің бірі – келер шақ формасына «бол» етістігін...

Сегіз қырлы Серік

Осы бір орта бойлы, ақ-сары өңді, кең маң­дайлы, ақкөңіл, әрқашан жай­дары, жан-жағына...

Александр Дворкин: Әлемге әйгілі секталар

АУДАРМАШЫДАН: Осыдан біраз жыл бұрын діни ағымдар жайлы мағлұмат іздеп, қазақша кітаптарды...

Көп оқылды

Коронавирустың жаңа белгілері пайда болды

Коронавирус жұқтырған науқастардың бойындағы ауру белгілері денге қызбасының белгілеріне ұқсас болуы дұрыс диагноз қоюға кедергі келтіруде. Аталмыш белгілерді анықтаған Сингапур ғалымдары арнайы баяндама жасады....

Қазақ Тәуелсіздігіне – 25 жыл

2016 жылдың үлкен мерейтойы – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы. Айтулы мерекеге республикамыздың түкпір-түкпірінде қызу дайындық жұмыстары жүргізілетіні бесенеден белгілі. Ал ақтөбеліктер егемендігіміздің ширек...

Ертеңнен бастап мас күйінде көлік жүргізгендер 10 жылға сотталады

Көлікті мас күйінде тізгіндеп, жол ережесін бұзғандар 7 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Президент осындай өзгеріс енгізілген заң жобасына бұған дейін қол қойған,...

Мемлекет басшысы коронавирустың екінші толқынына не себеп болғанын айтты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев телевизиялық үндеуінде елде коронавирустың және пневмония дертінің өршуіне не себеп болғанын айтты.  «Коронавирус қаупіне байланысты пандемия басталғалы біз елдегі вирустың таралуына шектеу...