Жаңалықтар

Коронавируспен ауырмаған адамдардың ағзасында да антиденелер түзіледі – зерттеу

Коронавирусқа қарсы антиденелер бұған дейін бұл індетпен ауырмаған науқастардың ағзасында да қалыптасуы мүмкін. Ұлыбританиялық ғалымдар осындай тоқтамға келді. Зерттеу қорытындысы Science журналында жарияланды, деп хабарлайды Lenta.ru

Мамандар 300 адамның сынамасын зерттеп, олардың 5 пайызының ағзасында коронавируспен ауырмаса да антиденелер түзілгенін анықтады. Зерттеуге сәйкес, антиденелер адам COVID-19-ға ұқсас басқа вирустармен ауырғаннан кейін пайда болған.

Ғалымдардың пайымдауынша, кейбір адамдардың ағзасында басқа вирусты жұқтырғаннан кейін иммунитет қалыптасады. Алайда дәл осы иммундық қорғаныстың коронавирусқа қарсы тиімділігі әлі дәлелденген жоқ. Оған қоса, коронавируспен ауырмаған адамдардағы антиденелер дәл осы вирустан жазылып шыққандармен салыстырғанда өзгеше екені анықталды.

Еске сала кетейік, бұған дейін мамандар кімдердің ағзасында антиденелер ұзағырақ сақталатынын анықтаған болатын. Зерттеуге сүйенсек, коронавирустың симптомсыз түрін өткергендердің ағзасында түзілетін антиденелер індеттің ауыр түрімен ауырғандармен салыстырғанда тезірек жойылады екен.

 

Back to top button