Байден бүкіл АҚШ аумағында маскалық режим енгізбек

Байден бүкіл АҚШ аумағында маскалық режим енгізбек

Байден бүкіл АҚШ аумағында маскалық режим енгізбек
ашық дереккөзі
АҚШ-тағы президент сайлауында жеңіске жеткен Джо Байден бүкіл ел аумағында міндетті маскалық режим енгізу туралы шешім қабылдады. Бұл туралы өз дереккөздеріне сілтеме жасап Fox News хабарлады.  Саясаткер жақын күндері губернаторлар мен ірі қалалардың мэрларына телефон соғып, жалпыға міндетті маскалық режимді енгізуге шақырмақ. Егер губернатор бұл тапсырманы орындаудан тартса, ол штаттардағы мэрларға барып, жаңа ережені енгізуді өтінуі тиіс деп түсіндірді Байден. АҚШ заңнамасы бойынша әр штат пен округ өз карантиндік шектеулерін енгізуге құқылы. Алайда Вашингтон өз бетінше ереже енгізе алмайды. Коронавирус жұқтырғандар саны жөнінен АҚШ әлем бойынша әлі де көш бастап тұр. Джонс Хопкинс университетінің дерегінше, пандемия басталғалы елде 9,9 миллионнан аса адам індет жұқтырған. Қатерлі вирустан 237 мыңнан астам науқас көз жұмды.