Мұнай бағасының өсуіне АҚШ-тағы сайлау ықпал етті. 3 қарашада америкалықтар елдің болашақ президентіне таңдау жасады. Жеңіске жетуге жеткілікті 270 дауысты қарсыласынан бұрын жинап үлгерген демократ Джо Байден АҚШ-тың 46-президенті деп танылды. Алайда республикашыл Дональд Трамп оның жеңісін мойындаудан бас тартып, дауыстарды санау барысындағы заңбұзушылықтарды әшкерелеу үшін сотқа жүгінетінін айтты.