Қар, көктайғақ, бұрқасын: Қазақстанның 13 облысында дабылды ескерту жарияланды

Қар, көктайғақ, бұрқасын: Қазақстанның 13 облысында дабылды ескерту жарияланды

Қар, көктайғақ, бұрқасын: Қазақстанның 13 облысында дабылды ескерту жарияланды
ашық дереккөзі
Қазақстанның 13 облысы мен Нұр-Сұлтан қаласында қатты жел тұрып, бұрқасын көтерілуіне байланысты дабылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚР төтенше жағдайлар министрлігі.  Нұр-Сұлтан қаласында жаңбыр, қар жауып, көктайғақ болады, 9-14 м/с жылдамдықпен соққан желдің екпіні секундына 23 метрге дейін жетеді. Ақмола облысында тұман түсіп, көктайғақ болады, жаяу бұрқасын соғады, желдің екпіні 15-20 метрге күшейеді. Ақтөбе облысында тұман, көктайғақ болады, секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел тұрады. Алматы облысында желдің екпіні секундына 17-22 метрге күшейеді. Атырау облысында желдің екпіні секундына 15-20 метрге күшейеді. Шығыс Қазақстан облысында желдің екпіні секундына 15-20, 25 метрге жетеді. Батыс Қазақстан облысында тұман түсіп, желдің екпіні секундына 15-20 метрге күшейеді. Қарағанды облысында тұман түсіп, көктайғақ болады, жаяу бұрқасын соғады, жел –15-20, екпіні секундына 28 метрге жетеді. Қостанай облысында тұман, көктайғақ, секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел тұрады. Қызылорда облысында шаңды дауыл көтеріліп, жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен ұйытқиды. Маңғыстау облысында желдің екпіні 15-20, 23-28 метрге жетеді. Павлодар облысында желдің екпіні секундына 15-20 метрге күшейеді. Солтүстік Қазақстан облысында тұман, көктайғақ болып, жаяу бұрқасын соғады, жел секундына 15-20 метрге күшейеді. Түркістан облысында жаңбыр, қар жауып, тұман түседі, жел секундына 15-20 метрге күшейеді. "Жауын-шашын түсуіне байланысты көктайғақ болады. Соның салдарынан жол апаты, сондай-ақ жаяу жүргіншілердің жарақат алуы жиілейді. Көктайғақ кезінде азаматтарға тайғанамайтын аяқ киім кию ұсынылады", - дейді құтқарушылар.