Грузияның 7 қаласында коменданттық сағат жарияланды

Грузияның 7 қаласында коменданттық сағат жарияланды

Грузияның 7 қаласында коменданттық сағат жарияланды
ашық дереккөзі
Бүгіннен бастап Грузияның 7 қаласында карантиндік шектеулер күшейтілді, деп хабарлайды Грузия жаңалықтары Атап айтқанда, Тбилиси, Кутаиси, Батуми, Рустави, Зугдиди, Гори, Поти қалаларында көлік пен жаяу жүргіншілердің қозғалысына 22:00-ден 05:00-ге дейін шектеу қойылады. Бұл шектеу халықаралық жүк тасымалдарына, Медициналық және фармацевтикалық қызметтердің, стратегиялық нысандар мен БАҚ өкілдерін, сондай-ақ жеткізу қызметінің курьерлерін қоса алғанда, жүріп-тұруы қызметтік міндеттерді орындау үшін аса маңызды болып табылатын адамдар мен көлік құралдарына қолданылмайды. Дегенмен, олар алдымен мұны жедел штабпен келісуі керек. Сонымен қатар, медициналық, фармацевтикалық, стратегиялық нысандардан басқа барлық ұйым 22:00-ге дейін жұмыс істейді. Аталған қалалардағы мемлекеттік және жекеменшік барлық балабақша 9 қарашадан жұмысын тоқтатады. Бұдан бөлек, 7 қалада автобустар мен шағын автобустардағы жолаушылар санына шектеулер қойылады. Бұған дейін вице-премьер, Грузияның Өңірлік даму министрлігінің басшысы Майя Цкитишвили түсіндіргендей, қоғамдық көлікте тұрып тұруға тыйым салынды. Өткен тәулікте Грузияда 2901 адам коронавирус жұқтырып, індетке шалдыққандардың жалпы саны 58 мыңға жуықтады. Пандемия басталғалы елде індеттен 475 адам көз жұмды. Айта кетейік, бүгіннен бастап Қазақстанның үш өңірінде карантин күшейтілді. Атап айтқанда, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында жаңа шектеулер енгізілді.