Трамп Ресеймен одақтасуға ниетті

Трамп Ресеймен одақтасуға ниетті

Трамп Ресеймен одақтасуға ниетті
ашық дереккөзі

Республикашыл партия атынан АҚШ президенттігіне үміткер Дональд Трамп, сайлауда жеңіске жетіп, ел билігін қолға алса, "Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымымен күресте Ресеймен ынтымақтаспақ. Трамптың шулы мәлімдемесі жайлы «Азаттық радиосы» хабарлады.

Огайо штатында сайлауалды бағдарламасы бойынша сөйлеген Трамп "Біз өзімізге дос таңдай алмаймыз, бірақ біз жауымызды анықтағанда қателеспеуіміз керек" деді. Республикашыл партия кандидаты жақтастарын радикалды исламшыл топтармен күресте "НАТО-мен тығыз қарым-қатынас" орнататынын айтты.

Дональд Трамп егер президент болса ең алдымен "радикалды ислам" бойынша арнайы комиссия құратынын айтты. Оның пікірінше, АҚШ мемлекеттік департаменті әлемнің АҚШ-қа иммиграция жасауға рұқсат етілмейтін аймақтарының тізімін жасауы керек болады.