Жарғанаттар тарататын тағы бір қатерлі вирус пайда болды

Жарғанаттар тарататын тағы бір қатерлі вирус пайда болды

Жарғанаттар тарататын тағы бір қатерлі вирус пайда болды
ашық дереккөзі
Әлемге тағы бір індет қатер төндіруі мүмкін. Америкалық ғалымдар жарғанаттардан адамдарға көбірек берілетін Нипах вирусының өлімге әкеліп соғатын қаупін анықтады, деп хабарлайды PNASNews. Мамандардың зерттеуіне сүйенсек, Нипах вирусы жыл сайын Бангладеш пен Үндістанның тығыз қоныстанған аймақтарында таралады. Әдетте вирус жануардың сілекейімен ластанған жемістерді жеген адамдарға жұғады. Симптомдары жапон энцефалиті мен безгекке ұқсайды. Нипах адамның миын қабындырып, респираторлық ауруларды қоздырады. Қазіргі уақытта вирусты емдейтін дәрі немесе вакцина жоқ, өлім деңгейі 90 пайызға жетеді. Ғалымдардың пікірінше, коронавирусқа қарағанда, Нипах адамнан адамға оңай берілмейді. Алайда жарғанаттарда вирустың өзгерген қасиеттері бар штаммы болуы мүмкін деген болжам жасалып отыр. Еске сала кетсек, бұған дейін зерттеушілер VEXAS деп аталатын тағы бір қатерлі ауруды анықтаған еді. Ғалымдардың атап өтуінше, аталған дерт бұрын дәрігерлер өзара байланыстырмаған бірнеше синдромды біріктірген. Мәселен, VEXAS-қа шалдыққандардың көпшілігінде өкпе тіні мен шеміршек тіні зақымданады. Бүгінде бұл аурумен ауыратын 50 жайлы ғана ақпарат бар.  Алайда мамандар науқастардың саны бұдан әлдеқайда көп болуы мүмкін деп болжап отыр.