Ауыр атлет Александр Зайчиков қола алды

Ауыр атлет Александр Зайчиков қола алды

Ауыр атлет Александр Зайчиков қола алды
ашық дереккөзі
Жұлқа көтеруде отандасымыз 193 келіні еңсеріп, алғашқы жаттығу бойынша үшінші орынды алған еді. Бірінші және екінші орындарда өзбекстандық екі зілтемірші Руслан Нурудинов пен Иван Ефремов жайғасты. Олар 194 келіні көтерді. Ал серпе көтеруде Зайчиков 223 келі салмақты еңсерген. Кейінгі екі мүмкіндігін жерлесіміз пайдалана алмады. Сөйтіп, Зайчиков 416 ұпаймен үшінші орын, қол медальға ие болды. Ал бірінші орынды Руслан Нурудинов алды. Өзбек спортшысы 237 келіні еңсеріп, Олимпиада рекордын жаңартты. Күміс медаль Армения спортшысына бұйырды.