Ниязымбетов пен Дычкодан алтын күтеміз

Ниязымбетов пен Дычкодан алтын күтеміз

Ниязымбетов пен Дычкодан алтын күтеміз
ашық дереккөзі
Vesti.kz спорт басылымы қазақстандық спортшылардың Риодағы Олимпиада ойындарына қатысу уақыты жазылған кестені ұсынады. Жарыстың он бірінші күні әйелдер арасында каноэ мен байдаркада ескек есуден екі финал өтеді. Бұл жарысқа әйелдерден Ирина Подойникова, Наталья Сергеева (екі адамдық) мен Инна Клинова (жалғыз өнер көрсету) қатысады. Сонымен қатар, бүгін боксшылар арасында да медальға талас өтеді. Әйелдер арасында 51 келі салмаққа дейінгі категорияда Жайна Шекербекова өнер көрсетеді. Ал Әділбек Ниязымбетов ұлыбританиялық Джошуа Буатсимен жартылай финалда кездессе, Иван Дычко ширек финалды нигериялық Эфе Аджагбоймен өткізеді. Каноэ мен байдаркада ескек есу. Спринт. Әйелдер. Екі адамдық. 500 метр. Финал Ирина Подойникова, Наталья Сергеева Басталуы сағат 18.23-те. Каноэ мен байдаркада ескек есу. Спринт. Әйелдер.Жалғыз өнер көрсету. 200 метр. Финал Инна Клинова Басталуы сағат 18.47-де. Жеңіл атлетика. Әйелдер. Кедергілермен 100 метр жүгіру. Іріктеу кезеңі Анастасия Пилипенко Басталуы сағат 20.05-те. Тікелей эфир (KazSport) Бокс. Әйелдер 51 келіге дейін. Ширек финал Жайна Шекербекова Басталуы сағат 02.15-те. Тікелей эфир ("Хабар") Бокс. 81 келіге дейін ерлер арасында. Жартылай финал Әділбек Ниязымбетов Басталуы сағат 03.30-да. Тікелей эфир ("Хабар") Бокс. Ерлер 91 келіден аса салмақта. Ширек финал Иван Дычко Басталуы сағат 03.45-те. Тікелей эфир ("Хабар") Толығырақ:https://kaz.tengrinews.kz/allsports/bugng-andatpa-niyazyimbetov-pen-dyichko-ringke-shyigadyi-271970/ Материалды көшіріп басқанда Kaz.tengrinews.kz сайтына гиперсілтеме міндетті түрде қойылуы тиіс. Авторлық құқықты сақтаңыз.