Жаңалықтар

Василий Левит финалда жеңіліп қалды

ашық дереккөзі

Василий Левит финалда жеңіліп қалды

Қазақстандық боксшы Василий Левит Рио Олимпиадасының күміс медалін жеңіп алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 91 келіге дейінгі финалдық кездесуде Василий Левит ресейлік боксшы Евгений Тищенкомен жұдырықтасты. Бірінші раундта үш төрешінің екеуі қазақстандық боксшы жеңді деп есептеді. Екінші раундта Левит қарқынын үдете түстіп, белсенді түрде шабуылдар ұйымдастыра бастағандай еді. Алайда төрешілердің шешімі бойынша, екінші раунд ресейлік боксшының пайдасына шешілді. Үшінші раундта Левиттің бірнеше сериялы соққысы діттеген жеріне дөп тиді. Алайда қорытындысында төрешілер жеңісті оның қарсыласына берді. Бокс кешіне жиналған көрермендер ресейлік боксшының жеңісі жарияланғанда ысқырып, шулап жатқанын айта кету керек. Еске салайық, 91 келі салмақтағы қазақстандық Василий Левит жартылай финалдық жекпе-жекте кубалық Эрисланди Савонменжұдырықтасып, 3:0 есебімен жеңіске жеткен еді. Ал ширек финалда отандасымыз Кеннеди Сен-Пьеррді тізе бүктірген болатын.