Қарсыласымен қол алыспаған египеттік дзюдошы еліне қайтарылды

Қарсыласымен қол алыспаған египеттік дзюдошы еліне қайтарылды

Қарсыласымен қол алыспаған египеттік дзюдошы еліне қайтарылды
ашық дереккөзі

Қарсыласымен қол алысудан бас тартқан мысырлық спортшы еліне қайтарылды. Израил балуаны Ор Сассоннан ұтылған Мысыр дзюдошысы Ислам әл-Шехабиға ХОК сөгіс жариялап, Риодан қайтаруға мәжбүр болды. Мемлекеттің өзара араздығын, саясаттағы салқындықты спорттық додаға араластырған спортшының ісіне қарсылық білдіргендер көп.

Естеріңізде болса, белдесудің бірінші раундында египеттік балуан израильдік дзюдошының ұсынған қолын алудан бас тартып, бас шайқаған. Көрермендер оның бұл қылығына қарсылық білдірген.Халықаралық олимпиада комитеті Шехабидің бұл қылығын "Олимпиаданың құндылығы саналатын шынайы жарыс пен достық рухына қайшы келеді" деп атады.

Египеттің олимпиада комитеті де спортшының әрекетін "қатаң түрде айыптап", оның елге қайтарылғанын хабарлады. "Дзюдо ережесінде қарсыластың қолын алсын деген ереже жоқ. Бір-бірімен дос спортшылар ғана қол алысып жатады, ал ол менің досым емес" деді Шехаби белдесуден кейін.