ОҚО-да омарташылар жылына 100 тонна бал өндіруде
ОҚО-да омарташылар жылына 100 тонна бал өндіруде
Ең қызық та қиын кәсіптің түрі – ол бал ара өсірумен айналысатын омарташы кәсібі. Бүгінгі күні Оңтүстік Қазақстан облысының көлемінде 1200 шағын, орта және ірі ара өсіруші жеке және заңды тұлғалар болса, олар жылына көлемінде 100 тонна бал өндіреді.
Бүгінде облыста бал ара шаруашылығын дамыту мақсатында бірқатар жұмыстар атқарылып, оны селекциялық асылдандыру жұмыстарын жүргізгені үшін әрбір ұяшығына мемлекет тарапынан 3190 теңге қолдау қаржы төленуде. Ал 2016 жылы 3 мың ұяшыққа 9570,0 мың теңге қаржы бөлу жоспарланған.