Қазақстанда қауіптіліктің "сары" деңгейі ұзартылды

Қазақстанда қауіптіліктің "сары" деңгейі ұзартылды

Қазақстанда қауіптіліктің "сары" деңгейі ұзартылды
ашық дереккөзі
Қазақстанның террорға қарсы орталығы ел аумағында террорлық қауіптіліктің"сары" деңгейі 2017 жылдың 15 қаңтарына дейін ұзартылғанын хабарлады. «Сары» деңгей Ақтөбе және Алматыдағы оқиғалардан кейін енгізілген еді. Қазақ билігі ол шабуылдарды "теракт" деп атады.
5 маусымда белгісіз топ Ақтөбедегі Ұлттық ұланның әскери бөліміне қарумен шабуылдады. Шабуылдаушыларды билік "радикалдық діни ағым" өкілдеріне жатқызды. Шабуыл кезінде төрт тұрғын және үш әскер қызметкері қаза тапты. 18 шілдеде Алматыда бір адам полиция қызметкерлеріне шабуыл жасап, бес адамды өлтірді.