Жаңалықтар

ҚПЛ: «Қайсар» мен «Қайрат» тең түсті

Бүгін футболдан Премьер-лига командалары арасында Қазақстан чемпионатының 18-турында алғашқы кездесу өтті.

Бұл ойында Қызылорданың «Қайсар» және Алматының «Қайрат» командалары тартысты ойын көрсетті. Ойынның 45-минутында алматылық Сергей Кейлер есеп ашты. Одан кейін 64-минутта Конрад Вжещиньский есепті үстемелей түсті. «Қайсар» футболшылары бұдан кейін гол соғу мүмкіндігін іздеді. Нәтижесінде 70-минутта олардың қатарынан шабуылшы Элгуджа Лобжанидзе мергендік танытты. Ал 88-минутта қызылордалық қорғаушы Иван Граф таразы басын теңестірді. Ойында командалар 2:2 есебіне қанағат білдірді.

«Қайрат» 45 ұпаймен бірінші орында тұрса, «Қайсар» 21 ұпаймен бесінші орынға көтерілді.

Енді 18-турдың қалған ойындары 8 қарашада болады. Бұл күні «Қызылжар» мен «Тобыл», «Тараз» бен «Шахтер», «Оқжетпес» пен «Жетісу» командалары кездеседі.

Back to top button