COVID-19: 1,6 млн экспресс тест қарттар үйіне жіберілді

COVID-19: 1,6 млн экспресс тест қарттар үйіне жіберілді

COVID-19: 1,6 млн экспресс тест қарттар үйіне жіберілді
ашық дереккөзі
Францияның Ниеттестік және денсаулық сақтау министрі Оливье Веран ел үкіметінің COVID-19 анықтайтын 1,6 млн экспресс тестіні қарттар үйлеріне жіберіп жатқанын мәлімдеді, – деп жазды ҚазАқпарат. Бұл тестілер әлеуметтік мекеме қызметкерлерінің арасында инфекцияны жедел анықтауға мүмкіндік береді. Бұл – Франция үкіметінің әсіресе пандемияның бірінші толқынынан көбіне моральдік жағынан зардап шеккен қарттар үйлерінің тұрғындарын жаппай оқшаулануын болдырмауға қатысты қолданып жатқан шараланың бір бөлігі. Осы аптада осыған ұқсас кеңінен экспресс тестілеу бағдарламасы Германияда іске қосылған. Франциядағы қарттар үйлерінде коронавирус пандемиясының қысымы айтарлықтай өсіп келеді: соңғы аптаның ішінде онда қауіпті вирустан 400-ден астам адам қайтыс болған, көптеген егде жастағы адамдар өз бөлмесінде жалғыз қамалып, туысымен араласудан қалған. «Біздің мақсатымыз – бірінші толқыннан кейін өзімізге сабақ алу», – деді Ниеттестік және денсаулық сақтау министрлігінде министр-делегат Брижит Бургиньон Парижден оңтүстікке қарай орналасқан қарттар үйіне барған кезде. Францияның Қоғамдық денсаулықты сақтау агенттігінің мәліметінше, соңғы екі аптаның ішінде елдегі қарттар үйінде қайтыс болған адамдардың саны бұның алдындағы бес айдың ішінде көз жұмғандардан әлдеқайда көп болған. Жұма күні денсаулық сақтау министрі әлеуметтік мекемелердің 15 пайызында қазіргі кезде вирусты жұқтыру оқиғаларының жиілеп кеткенін және «өлім деңгейінің көрсеткіші бірінші толқындағыдай, күн санап өсіп жатқанын» мәлімдеді. Францияның қарттар үйінде коронавирустан 12 079 адам өлген. Бұл – Францияда COVID-19 вирусынан қайтыс болған адамдардың тіркелген жалпы санынын (39 037 адам) көп бөлігі және әлемдегі ең жоғары көрсеткіштің бірі.