Алматыда карантин шарасын бұзған 15 нысанға айыппұл салынды

7 қараша, 2020 / Асыл ТҰМАР
ашық дереккөзі
Алматыда карантин шарасын бұзған 15 нысанға айыппұл салынды Алматыда 15 нысанда карантин шараларының бұзылуы анықталды. Оларға қомақты мөлшерде айыппұл салынды. Алматыда карантин режимінің сақталуын бақылау бойынша 32 мониторинг топ күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. 21 қазан мен 5 қараша аралығында мониторинг шаралармен 258 нысан қамтылды, оның ішінде 15 нысаннан карантин режимінің (заңды тұлғалар) бұзылуы анықталды. Бостандық ауданында бір заңды тұлғаға айппұл салынды: – Mega Center Plus» акционерлік жылжымайтын мүлік қоры («MEGA Alma-Ata» Сауда ойын орталығы Розыбақиев көшесі, 247 а – 2 222 400 теңге сомасына). Түрксіб ауданында 5 заңды тұлғаға шара қолданылды: М.Әуезов ауданында келесі заңды тұлғаларға шара қолданылды: Жетісу ауданында 3 заңды тұлғаға қатысты шаралар қабылданды: Алмалы ауданының мониторинг топтарымен төрт заңды тұлғаға қатысты шара қабылданды: Алматы әкімдігі қала тұрғындары мен қонақтарын мүмкіндігінше адамдар көп жиналатын орындарға, әсіресе мегаполистің бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысын бұза отырып жұмыс істеуін жалғастыратын мекемелерге барудан бас тартуға шақырады. Айта кетейік, шектеу шаралары мен санитарлық ережелерді жүйелі түрде (2-3 рет) және қасақана бұзу фактілері анықталған жағдайда материалдар ӘҚБтК-нің 462-бабының 3-бөлігі бойынша құқық бұзушыларды тарту және сотқа беру үшін іс қозғау мақсатында аумақтық прокурорларға берілетін болады. Заңнамаға сәйкес, құқық бұзушылардың жауапкершілігі ұйымның қызметін тоқтата тұруға дейін қарастырылған.