Қарағанды авиация базасы жаңа Су-30СМ ұшақтарымен толықты

Қарағанды авиация базасы жаңа Су-30СМ ұшақтарымен толықты

Қарағанды авиация базасы жаңа Су-30СМ ұшақтарымен толықты
ашық дереккөзі
Совет одағының батыры Нүркен Әбдіров атындағы Қарағанды авиация базасы жаңа Су-30СМ жойғыш ұшақтарымен толықты, – деп хабарлады Қорғаныс министрлігі. Ресей Федерациясымен жасалған келісім және Қазақстанның Қарулы күштерін қайта жарақтау бағдарламасы бойынша Әскери-әуе күштеріне көп функциялы Су-30СМ ұшқыр ұшақтары келді.  width= «Cу-30СМ ұшақтары әскерлерді және объектілерді әуе шабуылы соққысынан қорғану, әуедегі және жердегі нысананы анықтау мен жою мүмкіндігін айтарлықтай артырады. Солардың арқасында Қарулы күштердің әлеуеті артады», – деді Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы генерал-лейтенант Нұрлан Орманбетов. Cу-30СМ – бұл екі орынды көпмақсатты, барлық ауа-райында ұшатын, жоғары маневрлі 4++ жататын жойғыш ұшақ. Бұл ұшақта қазір Әскери-әуе күштеріндегі Су-27 және Миг-31 секілді екі түрлі әскери машинаның барлық функциясы бар. Ұшақтарды Иркутск авиация зауытынан әкелу 2015 жылдан бері іске асырылып келеді. Бүгінгі күнге дейін көптеген авиациялық база осы жойғыш ұшақпен жарақталған.  width= Қарағанды авиация базасының ұшу және инженерлік-техникалық құрамы Талдықорған мен ұшақты дайындаған зауытта толық оқудан өтті. Олар ұшақты басқаруға, пайдалануға және осы тектес ұшақтарға қызмет көрсетуге тиісті рұқсат алды.