Қарағанды авиация базасы жаңа Су-30СМ ұшақтарымен толықты

Совет одағының батыры Нүркен Әбдіров атындағы Қарағанды авиация базасы жаңа Су-30СМ жойғыш ұшақтарымен толықты, – деп хабарлады Қорғаныс министрлігі.

Ресей Федерациясымен жасалған келісім және Қазақстанның Қарулы күштерін қайта жарақтау бағдарламасы бойынша Әскери-әуе күштеріне көп функциялы Су-30СМ ұшқыр ұшақтары келді.

E28B34B1 37FC 4B2D B7E1 CCD4CFC9FB73

«Cу-30СМ ұшақтары әскерлерді және объектілерді әуе шабуылы соққысынан қорғану, әуедегі және жердегі нысананы анықтау мен жою мүмкіндігін айтарлықтай артырады. Солардың арқасында Қарулы күштердің әлеуеті артады», – деді Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы генерал-лейтенант Нұрлан Орманбетов.

Cу-30СМ – бұл екі орынды көпмақсатты, барлық ауа-райында ұшатын, жоғары маневрлі 4++ жататын жойғыш ұшақ. Бұл ұшақта қазір Әскери-әуе күштеріндегі Су-27 және Миг-31 секілді екі түрлі әскери машинаның барлық функциясы бар.

Ұшақтарды Иркутск авиация зауытынан әкелу 2015 жылдан бері іске асырылып келеді. Бүгінгі күнге дейін көптеген авиациялық база осы жойғыш ұшақпен жарақталған.

0370C6A6 A676 482F B115 6757A8377055

Қарағанды авиация базасының ұшу және инженерлік-техникалық құрамы Талдықорған мен ұшақты дайындаған зауытта толық оқудан өтті. Олар ұшақты басқаруға, пайдалануға және осы тектес ұшақтарға қызмет көрсетуге тиісті рұқсат алды.

Back to top button