Баланы ұрып-соғуға заңмен тыйым салынды

Баланы ұрып-соғуға заңмен тыйым салынды

Баланы ұрып-соғуға заңмен тыйым салынды
ашық дереккөзі
Шотландия 16 жасқа дейінгі балаларды ұрып-соғып тәрбиелеуге тыйым салған заң күшіне енді. ҚазАқпараттың dw.com-ге сілтеме жасап жазған ақпарында сенбі күшіне енген заңды Шотландия парламенті былтыр мақұлдапты. Бұрын Шотландияда ата-аналары мен қамқоршыларға балаларды тәрбие беру мақсатында ұруға рұқсат етілген. Жаңа заңға сәйкес, мұндай тармақ алынып тасталған. Балаларды шапалақпен ұруға алғашқы болып тыйым салған Швеция еді (1979 ж.). Шотландия осы талапты қолдаған әлемдегі 57-ші ел болды. Қаңтар айында мұндай тыйымды Уэльс енгізуі мүмкін. Тиісті заң қабылданса, ол 2022 жылдан бастан күшіне енеді. Англия мен Солтүстік Ирландияда болса, мұндай заң жобасын қабылдауды әзірге жоспарламаған.